Спутниктік трекер жануарларды, көлік құралдарын, жүк контейнерлерін немесе Сіз бақылау керек барлық қозғалмайтын және қозғалмалы бағалы заттарды ақылды түрде бақылауға, басқаруға арналған.
Құрылғыңыздың және сонымен қоса бағалы активіңіздің қайда екенін қадағалау және көру үшін, оны іске қосып, біздің платформамызға қосылу керек.
Трекердің координаттары туралы мәліметтерді біздің картографиялық платформа арқылы көріп отырасыз. Күн сайын трекерден спутникке жіберілетін мәліметтер саны тарифтік жоспарға сәйкес анықталады.
Трекерлер Сіз таңдаған тарифтік жоспарға сәйкес сигнал санын жіберуге тураланады және тарифтік жоспарға сәйкес сигнал санын спутникке жібереді. Трекер жіберген сигналдың қаншасы спутникке сәтті жетсе, сонша сигнал санын аласыз.
Сигналдардың санын өзгерту үшін, біздің WhatsApp нөмірімізге сұрау жіберіңіз, содан кейін біз Сізбен хабарласамыз.
Алдымен құрылғыңыздың платформаға қосылған құрылғылар тізімінде болуын тексеріңіз. Егер жоқ болса, құрылғыны өшіріп тастадыңыз, Сізге сол құрылғыны қайта қосу қажет. Екіншіден, соңғы сигнал уақытын тексеріңіз, соңғы сигналдан кейін көп уақыт өтпесе, алаңдамаңыз. Ал егер тым ұзақ күтсеңіз, бізге хабарласыңыз.
Трекерлерден жіберілетін сигналдарды қабылдайтын төмен орбиталық спутниктер жер бетінен шамамен 700-1500 шақырым биіктікте орналасқан. Белгілі бір жағдайларда (қалың бұлттылық, тұман, қар немесе басқа кедергілер, трекерлердің антенналарының төмен қарап тұруы, малдың жабық жерге кіруі, трекердің үстінің материалмен бүркелуі) трекерлерден жіберілген кейбір сигналдар спутникке жетпеуі немесе қатемен жетуі мүмкін. Екі жағдайда да бұл сигналдар картографиялық платформада көрсетілмейді.
Егер батареялар заряды азайса, құрылғыдан сигнал келеді және платформада көрсетіледі. Көру үшін, құрылғының маркеріне басыңыз және "Толығырақ" түймешігін басыңыз. Батарея күйлерінің екі түрі болады (Good battery/Bad battery). Good battery - бұл бәрі жақсы, және құрылғы батареяны ауыстыруды талап етпейді. Bad battery - батарея дереу ауыстырылуы тиіс дегенді білдіреді.
Біз ААА өлшемді Energizer литий батареяларын пайдалануға кеңес береміз.
Спутниктік трекер құрылғысын сатып алу үшін, Сіз клиент ретінде және біз сатушы ретінде, барлық шарттар жазылған шартқа қол қоямыз және біздің платформада Сіздің жеке аккаунтыңыз жасалады. Төлемнен кейін біз құрылғыны пошта арқылы жібереміз.
Спутниктік трекер құрылғысын сатып алғаннан кейін Сіз біздің платформамызға аккаунт аласыз. Осы аккаунтты пайдалана отырып, сайттың төлем жүйесі арқылы абоненттік төлемді онлайн төлей аласыз.
Біз сіздің құрылғыңызды хабарласқаннан кейін бір тәулік ішінде қосамыз.
Сіз онымен осы жерде таныса аласыз : gpsone.kz
Сіз онымен осы жерде таныса аласыз : gpsone.kz