Трекерді қолданысқа дұрыс енгізу және сауатты пайдалану үшін төменде келтірілген нұсқаулықтарды орындау қажет.
!!! Трекерді малға салмастан 2 күн бұрын құрылғыны спутниктік жүйеге қосуға тапсырыс беріп, оның жұмысын тексеру керек.
- Спутниктік жүйеге қосуға тапсырыс беру
1.1. Трекерлерді іске қосардан 2 күн бұрын Whatsapp қосымшасы арқылы +77758182198 нөміріне трекерді спутниктік жүйеге қосуға өтінім жіберіңіз, трекердің төменгі жағында штрих-кодтың жанында орналасқан трекердің сериялық нөмірінің фотосын, пайдаланушының аты-жөнін, электрондық мекенжайын көрсетіңіз.
1.2. Бақылау жүйесіне кіру үшін Whatsapp-қа келетін бағдарлама сілтемелері мен логин мен паролді күтіңіз.
1.3. Whatsapp-қа жіберілген сілтемені пайдаланып мобильдік қосымшаны орнатыңыз.
1.4. Мобильдік қосымшаға кіруге берілген стандартты парольді өзіңіздің пароліңізге өзгертіңіз.
- Трекерді қосу
2.1. Трекерді ашық аспан астына шығарыңыз.
2.2. Трекер бүйіріндегі екі болтпен бекітілген қақпақты ашыңыз.
2.3. Трекерді антеннаны ештеңемен жаппастан жоғары қаратып ұстаңыз.
2.4. Қақпақтың астындағы іске қосу тетігін «ON» күйіне жылжытыңыз.
2.5. Резеңке тығыздағыштың дұрыс орнатылуына назар аудара отырып, қақпақты жабыңыз. Болттарды тартыңыз.
2.6. Трекердің антенна жағын аспанға қаратып, ашық кеңістікте қоршаулардан, қабырғалардан және кедергі көздерінен қашық жерге сигнал түскенге дейін қойыңыз. Сигнал мониторинг жүйесіне түседі. Сіз мониторинг жүйесіне Whatsapp-қа жіберілген логин мен парольді қолдана отырып кіре аласыз.
- Трекерді орнату
3.1. Трекердің антеннасы жоғары қаратылып, малдың желкесіне орнатылады.
3.2. Трекерді ешқандай материалмен жабуға болмайды, себебі ол сигналдың трекерден спутникке өтуіне кедергі артады, нәтижесінде сигналдар жоғалуы мүмкін. Трекер ылғал мен шаңнан қорғалған.
3.3. Трекердің сапалы жұмысы трекердің антеннасы жоғары болған кезде қамтамасыз етіледі, ол үшін трекердің төмен қарай түсіп кетуіне жол бермеу үшін жалға бекітіледі немесе трекер бекітілген баудың қарама-қарсы жағында салмағы 350 грамм болатын қарсы салмақ ілінеді.
3.4. Трекердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін батареяларын уақытында ауыстырыңыз.
3.5. Аспан қатты бұлтты болған жағдайда сигналдардың спутникке жетпеуі мүмкін.
- Мониторинг жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері
Бұл функциялардың «*» белгіленгендерін іске қосу трекерді пайдаланып бастағаннан кейін сіздің сұрауыңыз бойынша істеледі.
4.1. Объектілердің 1 айға дейінгі қозғалыс тарихын қарау.
4.2. * Геоқоршауды орнату, объект геоқоршау шегінен шыққан кезде сіз электрондық поштаңызға хабарлама аласыз.
4.3. * Картаға жергілікті атауларды орнату немесе GPSONE бақылау жүйесін бұрыннан пайдаланатын көршілеріңізден олар енгізген белгілерді көшіруге болады.
4.4. Батарея деңгейі туралы ақпарат ала аласыз, сондай-ақ батарея қуаты азайған кезде электрондық поштаға хабарландыру жіберіледі.
4.5. Байланыс жоқ жерде объектіге бағыт беріп, маршрут сызып беретін офлайн навигатор пайдалана аласыз.
4.6. Нысандардан картадағы ең жақын белгілерге дейінгі қашықтық көрсету.
4.7. * Пайдалануда ыңғайлы болуы үшін трекерлерге айғырлардың аттарын жазып қою.
4.8. Бір есептік жазбадан бірнеше пайдаланушыны бір уақытта бақылау.
4.9. Көп объектілерді бір мезгілде мониторинг жүргізу.
4.10. Бақылау жүйесіне бірнеше құрылғыдан кіру.
- Абоненттік төлемді төлеу
5.1. Абоненттік төлем 10 түрлі жолмен мобильдік қосымшадағы онлайн жүйе арқылы қабылданады.
5.2. Төлем кез келген банк картасынан қабылданады: Kaspi bank, Halykbank, CenterCredit және т. б.
5.3. Төлемді төленген мерзімнің соңғы күніне дейін жеткізбей, алдын ала жасау қажет. Төленген мерзім аяқталғаннан кейін трекердің белсенділігі тоқтатылады. Трекерді белсендіру ақылы жүргізіледі.
5.4. Абоненттік төлем бір айға еселі мерзімге қабылданады және төленген мерзімнің соңғы күніне жалғастырылып қосылады.