- Жалпы ережелер
1.1. “GPSOne” ЖШС және “GST” ЖК бірлесе отырып (бұдан әрі — “Қызмет көрсетуші”) картографиялық мобильдік қосымша қызметін және трекер құрылғыларын тұтынушыға (бұдан әрі – Қолданушы) ұсынады, Қолданушы Қызмет көрсетушінің картографиялық мобильдік қосымшасы қызметін және трекер құрылғыларын осы Қызметті пайдалану шарттарын (бұдан әрі — «Шарт») қабылдай отырып пайдаланады.
1.2. Қызмет көрсетуші қызметтерін және трекер құрылғыларын пайдалану осы Шартпен және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Құпиялылық саясатымен (www.gpsone.kz/privacy-policy) және Спутниктік трекерді пайдалану нұсқаулығымен (www.gpsone.kz/instructions) реттеледі, сондай-ақ қызметтер мен құрылғылардың кез келген дамуы және/немесе жаңартылуы да осы Шарт негізінде әрекет жасайды.
1.3. Қызмет көрсетуші ұсынған қандай да бір құрылғыны немесе қызметті/оның жеке функцияларын пайдалана бастағанда немесе тіркеу рәсімінен өткеннен кейін Қолданушы Шарт талаптарын толық көлемде, ешқандай ескертпелерсіз және ерекшеліктерсіз қабылдаған болып есептеледі. Қолданушы Шарттың қандай да бір ережесімен келіспеген жағдайда, Қолданушы Қызмет көрсетуші қызметтерін/құрылғыларын пайдалануға құқылы емес. Егер Қолданушы Шарттың қандай да талаптарымен келіспеген жағдайда, Қолданушы қызметтерді/құрылғыларды пайдалануды тоқтатуға міндетті.
- Қолданушыны тіркеу. Қолданушының есептік жазбасы
2.1. Кейбір Қызмет көрсетуші қызметтерін немесе қызметтердің кейбір жеке функцияларын пайдалану мақсатында Қолданушы тіркелу үшін өзі туралы ақпарат беруі керек, Қызмет көрсетуші тарапынан тіркеу нәтижесінде Қолданушы үшін бірегей есептік жазба жасалады және жүйеге кіру үшін логин (Қолданушының бірегей символдық есептік жазбасы) және пароль ұсынылады.
2.2. Тіркелу үшін Қолданушы аты-жөнін, WhatsApp мобильдік қосымшасында тіркелген телефон номерін және электрондық поштасын беруге және осы ақпаратты өзекті күйде сақтауға міндеттенеді. Егер Қолданушы дұрыс емес ақпарат берсе немесе Қызмет көрсетуші тарапынан Қолданушы берген ақпарат толық емес немесе дұрыс емес деп санауға негіз болса, Қызмет көрсетуші өз қалауы бойынша Қолданушының есептік жазбасын бұғаттауға немесе жоюға және Қолданушыға өз қызметтерін (немесе олардың жеке функцияларын) пайдалануға беруден бас тартуға құқылы.
2.3. Есептік жазбаны растау
2.3.1. Қызмет көрсетуші кез келген сәтте Қолданушыдан Қызмет көрсетуші қызметтерінде Қолданушының есептік жазбасында тіркелу кезінде көрсетілген және Қолданушы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қызмет көрсетуші қызметтерін пайдалануға байланысты Қолданушыға қол жетімді басқа да ақпаратты Қызмет көрсетуші қызметтерінде Қолданушының логині мен паролін пайдалана отырып авторизациялаудан кейін растауды талап ету құқығын өзіне қалдырады.
2.3.2. Егер Қолданушының ұсынған деректері Қолданушыны сәйкестендіруге мүмкіндік бермеген жағдайда, Қызмет көрсетуші Қолданушыға есептік жазбаға қол жеткізуден және Қызмет көрсетуші қызметтерін пайдалануға беруден бас тартуға құқылы.
2.4. Құпиялылық саясатымен анықталған және Қолданушының есептік жазбасындағы Қолданушының жеке ақпараты Қызмет көрсетуші Құпиялылық саясатының шарттарына сәйкес сақталады және өңделеді.
2.5. Қолданушының есептік жазбасына кіру құралдары.
2.5.1. Жеке деректердің қауіпсіздігі мақсатында есептік жазбаға бірінші рет кірген кезде Қолданушы есептік жазбаның бірінші рет кіруге берілген паролін өзгертуге міндетті. Қызмет көрсетуші парольге қойылатын талаптарды орнатуға құқылы (ұзындығы, рұқсат етілген таңбалар және т.б.).
2.5.2 Қолданушы есептік жазбаға кіруді жүзеге асырғаннан кейін, Есептік жазба деректері Қолданушы өзінің есептік жазбасындағы жұмысты аяқтағанға дейін автоматты түрде құрылғының браузерінде сақталуы мүмкін және Қызмет көрсетуші қызметтерін әр пайдалану кезінде есептік жазбаға кіру мәліметтерін қосымша енгізуді талап етпейді.
2.6. Қолданушы есептік жазбаға қол жеткізу үшін өзі таңдап алған парольдің қауіпсіздігі (оның ішінде болжауға орнықтылығы) үшін дербес жауапты болады, сондай-ақ олардың құпиялылығын дербес қамтамасыз етеді. Қолданушы кез келген жағдайда (оның ішінде шарттар немесе келісімдер бойынша) Қолданушының есептік жазбасына қол жеткізу үшін деректерді Қолданушының ерікті түрде үшінші жаққа беру жағдайларын қоса алғанда, Қолданушының есептік жазбасындағы Қызмет көрсетуші қызметтері шеңберіндегі немесе оларды пайдаланумен байланысты барлық әрекеттер (сондай-ақ олардың салдары) үшін дербес жауапты болады. Бұл ретте, Қолданушы 2.7-тармақта көзделген тәртіппен болған жағдайларды қоспағанда, Қолданушының есепке алу жазбасындағы Қызмет көрсетуші қызметтері шеңберіндегі немесе оларды пайдалану кезіндегі барлық іс-әрекеттерді Қолданушының өзі жүргізді деп есептеледі. Қызмет көрсетуші Қолданушының есептік жазбасын пайдалана отырып, Қызмет көрсетуші қызметтеріне рұқсатсыз кіру туралы және/немесе есептік жазбаға кіру құралдарының (ұялы телефон нөмірі, пароль немесе басқа аутентификация құралдары) құпиялылығын кез келген бұзу (бұзу туралы күдік) туралы хабардар етті.
2.7. Қолданушы Қызмет көрсетуші қызметтеріне Қолданушының есептік жазбасын пайдалана отырып рұқсатсыз (Қолданушы рұқсат етпеген) қол жеткізудің кез келген жағдайы туралы және/немесе өзінің есептік жазбаға қол жеткізу құралдарының құпиялылығын кез келген бұзушылық (бұзушылық туралы күдік) туралы Қызмет көрсетушіге дереу хабарлауға міндетті. Қауіпсіздік мақсатында Қолданушы Қызмет көрсетуші қызметтерімен сенімсіз құрылғыда жұмыс істеудің әрбір сессиясы аяқталғаннан кейін өзінің есептік жазбасымен («шығу» батырмасы) жұмысты қауіпсіз аяқтауды өз бетінше жүзеге асыруға міндетті. Қызмет көрсетуші деректердің жоғалуына немесе бүлінуіне, сондай-ақ Қолданушының Шарттың осы бөлігінің ережелерін бұзуына байланысты болуы мүмкін кез-келген сипаттағы басқа салдарға жауап бермейді.
2.8. Қолданушы Қызмет көрсетуші қызметтерінің қандай да бір бөлігін (қызметтер арқылы Қолданушыға қолжетімді контентті қоса алғанда) жаңғыртуға, қайталауға және көшіруге, сатуға және қайта сатуға, сондай-ақ қандай да бір коммерциялық мақсаттар үшін пайдалануға немесе Қолданушы Қызмет көрсетуші-тен осындай рұқсат алған немесе ол қандай да бір қызметтің Қолданушы шартынде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға қол жеткізуге құқығы жоқ.
2.9. Қолданушы Шарттың талаптарын орындамаған, сондай-ақ мобильдік қосымшаға кіру үшін төлем қарызы болған жағдайда Қызмет көрсетуші Қолданушының есептік жазбасын бұғаттауға немесе жоюға, мобильдік қосымшаға кіруге шектеу қоюға құқылы.
- Пайдалану және сақтау туралы жалпы ережелер
3.1. Қызмет көрсетуші барлық Қолданушылар үшін немесе Қолданушылардың жекелеген санаттары үшін Қызметті пайдалануда шектеулер орнатуға құқылы (ұсынылатын қызметтің баптау параметрлеріне, жіберілетін хабарламалар санына, түріне және т.б. байланысты).Қызмет көрсетуші Қолданушының жабдығын және өз жабдығын қорғау мақсатында кез келген хабарламаларды қабылдауды және мұндай хабарламаларда зиянды бағдарламалар немесе код болған кезде немесе Қызмет көрсетуші автоматты сүзгілеу және вирусқа қарсы қорғау құралдары көрсеткен хабарламаларда осындай зиянды бағдарламалардың немесе кодтардың болуын анықтаған кезде оларды Қолданушыға жеткізуді шектеуге құқылы. Қызмет көрсетуші осы Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген мақсаттарда, автоматты сүзгілеу және вирусқа қарсы қорғау құралдарының жұмыс сапасын жақсарту үшін, көрсетілген хабарламалардағы осындай зиянды бағдарламалар мен кодтарды талдауды және зерттеуді жүзеге асыруға құқылы екендігі туралы хабардар етіледі және Қолданушы онымен келіседі.
3.2. Қызмет көрсетуші өз Қолданушыларына ақпараттық хабарламалар жіберуге құқылы. Қызмет көрсетуші қызметтерін пайдалана отырып, Қолданушы жарнамалық сипаттағы хабарламаларды алуға келісімін береді.
3.3. Қызмет көрсетуші қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында және/немесе сауалнама жүргізу үшін Қолданушыға мобильдік қосымша арқылы ақпараттық хабарлама жіберу не Қолданушы есептік жазбада көрсеткен байланыс деректері бойынша байланысты жүзеге асыру арқылы (телефон қоңыраулары немесе электрондық хаттар арқылы) әртүрлі мәселелер бойынша Қолданушылардың ойлары мен пікірлерін жинауды жүзеге асыруға құқылы. Жиналған ойлар мен пікірлерді Қызмет көрсетуші қызметтерінде қолдануға болатын статистикалық мәліметтерді қалыптастыру үшін пайдалана алады. Сауалнама жүргізу кезінде Қолданушы ұсынған пікірлер, сондай-ақ Қызмет көрсетуші қызметтерінде немесе Қызмет көрсетушімен үлестес тұлғалардың қызметтерінде Қолданушының аты (логині) көрсетіле отырып, сондай-ақ көрсетілмей жариялануы мүмкін.
- Қызмет көрсетуші қызметтерін/құрылғыларын пайдалану шарттары
4.1. Қолданушы қызметті пайдалануға байланысты өзінің іс-әрекеттері үшін, оның ішінде, егер мұндай іс-әрекеттер үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкелетін болса, сондай-ақ қызметті пайдалану кезінде заңнаманы сақтау үшін үшінші тұлғалардың алдында дербес жауапты болады.
4.2. Қызмет көрсетуші қызметтерін пайдалану кезінде Қолданушы құқылы емес:
4.2.1. заңсыз, зиянды, зияткерлік меншік құқығын бұзатын мазмұнды жүктеу, жіберу, немесе басқа жолмен орналастыру және/немесе тарату;
4.2.2. рұқсат етілмеген қолжетімділікті жүзеге асыру үшін кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламаның функционалдығын бұзуға, жоюға немесе шектеуге арналған вирустары немесе басқа компьютерлік кодтары, файлдары немесе бағдарламалары бар қандай да бір материалдарды, сондай-ақ коммерциялық бағдарламалық өнімдерге сериялық нөмірлерді және оларды генерациялауға арналған бағдарламаларды, логиндерді, парольдерді және Интернеттегі ақылы ресурстарға рұқсат етілмеген қолжетімділікті алу үшін өзге де құралдарды жүктеуге, жіберуге, беруге немесе кез келген басқа тәсілмен орналастыруға және/немесе, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сілтемелерді орналастыру;
4.2.3. басқа тұлғалардың дербес деректерін рұқсатсыз жинау және сақтау;
4.2.4. Қызмет көрсетуші веб-сайттары, мобильдік қосымшалары мен қызметтерінің қалыпты жұмысын бұзу;
4.2.5. Шартмен белгіленетін шектеулер мен тыйымдарды бұзуға бағытталған іс-әрекеттерге бару/жәрдемдесу;
4.2.6. басқа жолмен заңнама нормаларын, оның ішінде халықаралық құқық нормаларын бұзу.
4.3. Қолданушы қызметтің жұмыс технологиясына сай Қызмет көрсетуші тарапынан Қолданушының жинақталған ақпаратын көшіруді (жаңғыртуды), сондай-ақ қандай да бір қызметтің техникалық талаптарына сәйкес болу үшін оны Қызмет көрсетуші өңдеуді талап етуі мүмкін екенін түсінеді және онымен келіседі.
4.5. Спутниктік трекердің бір жақты байланысты трекер болғандықтан (спутникке тек қана сигнал жібереді, бірақ сигналды қабылдай алмайды және сигналдың спутникке жетуін тексере алмайды) тариф бойынша трекердің спутникке жіберілетін сигналдардың барлығының спутникке жетпеуі мүмкін екенін, соған сәйкес тәулік бойына трекерден мобильдік қосымшаға қабылданатын сигналдардың санының тарифте белгіленгеннен аз болуы мүмкін екенін Қолданушы түсінеді және трекердің осындай жұмыс істеу тәртібімен келіседі.
4.6. Қолданушы трекерді пайдалану барысында Спутниктік трекерді пайдалану нұсқаулығының талаптарын орындауға міндеттенеді.
- Қызметтің мазмұнына және контентке айрықша құқықтар
5.1. Қызмет көрсетуші қызметтерінің көмегімен қолжетімді барлық объектілер, оның ішінде дизайн элементтері, мәтін, графикалық кескіндер, иллюстрациялар, бейнелер, ЭЕМ – ге арналған бағдарламалар, дерекқорлар, музыка, дыбыстар және басқа объектілер (бұдан әрі — қызметтер мазмұны), сондай-ақ Қызмет көрсетуші қызметтерінде орналастырылған кез келген контент Қызмет көрсетуші, Қолданушылардың және басқа құқық иеленушілердің айрықша құқықтарының объектілері болып табылады.
5.2. Контентті, сондай-ақ Қызметтің қандай да бір өзге элементтерін пайдалану сол немесе өзге Қызмет ұсынатын функционал шеңберінде ғана мүмкін болады. Қызмет көрсетуші қызметтері мазмұнының ешқандай элементтерін, сондай-ақ Қызмет көрсетуші қызметтерінде орналастырылған кез келген мазмұнды авторлық құқық иесінің алдын ала рұқсатынсыз басқаша пайдалануға болмайды. Пайдалану дегеніміз, соның ішінде: көшіру, қайта өңдеу, кез-келген негізде тарату, кадрда көрсету және т. б. (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қызмет көрсетуші қызметін пайдалану шарттарында тікелей қарастырылған басқа жағдайларда ғана бұл талап ескерілмейді).
Қолданушының қызметтер мазмұнының элементтерін, сондай-ақ жеке коммерциялық емес пайдалану үшін кез келген контентті пайдалануына авторлық құқықты, сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін қорғаудың барлық белгілері, авторлық туралы басқа да хабарламалар сақталған, автордың атын (немесе бүркеншік атын)/құқық иесінің атауын өзгеріссіз сақтаған, тиісті объектіні өзгеріссіз сақтаған жағдайда жол беріледі. (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қызмет көрсетуші қызметін пайдалану шарттарында тікелей қарастырылған басқа жағдайларда ғана бұл талап ескерілмейді).
- Үшінші тарап сайттары мен мазмұны
6.1. Қызмет көрсетуші қызметтері Интернет желісіндегі басқа сайттарға (үшінші тұлғалардың сайттары) сілтемелерді қамтуы мүмкін. Аталған үшінші тұлғалар мен олардың контенті Қызмет көрсетушінің қандай да бір талаптарға (анықтығына, толықтығына, заңдылығына және т.б.) сәйкестігін тексермейді. Қызмет көрсетуші Қолданушы қызметті пайдалана отырып қол жеткізетін үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар, оның ішінде үшінші тұлғалардың сайттарында айтылған кез келген пікірлер немесе мәлімдемелер, жарнама және т.б., сондай-ақ осындай сайттардың немесе контенттің қолжетімділігі және Қолданушының оларды пайдалану салдары үшін жауапты болмайды.
6.2. Сайтта орналастырылған кез келген сайтқа, өнімге, қызметке, коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез келген ақпаратқа сілтеме (кез келген нысанда) Қызмет көрсетуші тарапынан, бұған Қызмет көрсетуші ресурстарында тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы өнімдерді (қызметтерді, қызметтерді) мақұлдау немесе ұсыным болып табылмайды.
- Кепілдіктердің болмауы, жауапкершілікті шектеу
7.1. Қолданушы Қызмет көрсетуші қызметтерін өз тәуекеліне алып пайдаланады. Қызметтер «сол күйінде» ұсынылады. Қызмет көрсетуші өзіне ешқандай жауапкершілікті, оның ішінде Қызметтің Қолданушының мақсаттарына сәйкестігі үшін жауапкершілік алмайды;
7.2. Қызметтер Қолданушының талаптарына сәйкес келетінін; қызметтер (соның ішінде картографиялық) үздіксіз, тез, сенімді және қатесіз ұсынылатынына; қызметтерді пайдалана отырып алынуы мүмкін нәтижелер дәл және сенімді болатынына және қандай да бір мақсаттар үшін немесе қандай да бір сапада (мысалы, активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін) пайдаланылатынына; қызметтерді пайдалана отырып алынған қандай да бір өнімнің, қызметтің, ақпараттың және т. б. сапасы Қолданушының күткеніне сәйкес келетініне Қызмет көрсетуші кепілдік бермейді;
7.3. Қызмет көрсетуші Қолданушының Қызмет көрсетуші қызметтерін немесе Қызметтің жекелеген бөліктерін/функцияларын пайдалануы салдарынан болған залалдардың кез келген түрлері үшін жауапты болмайды;
- Өзге де ережелер
8.1. Осы Шарт Қызметті пайдалану тәртібіне қатысты Қолданушы мен Қызмет көрсетуші арасындағы шартты білдіреді және Қолданушы мен Қызмет көрсетуші арасындағы барлық алдыңғы Шарттардыі алмастырады.
8.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс. Осы Шартпен реттелетін қатынастардан туындайтын барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақстандық құқық нормалары бойынша шешіледі. Осы Шарттың мәтіні бойынша барлық жерде, егер өзгесі анық көрсетілмесе, «заңнама» термині деп Қазақстан Республикасының заңнамасы да, Қолданушының болатын жерінің заңнамасы да түсініледі.
8.3. Егер Қызмет көрсетуші қызметтері ақылы жазылымды ресімдеу мүмкіндігін көздесе, онда Қолданушы жазылым үшін төлемді алдын ала төлеу тәртібімен енгізеді. Жазылуды ресімдеу және жазылуды одан әрі төлеу мүмкіндігі мақсатында Қолданушы өзінің банктік картасын (бұдан әрі — байланған карта) өзінің есептік жазбасына байлайды. Осы Шарттың мақсаттары үшін Қолданушының есептік жазбасына байланған кез келген банк картасы (оның ішінде Қызмет көрсетуші қызметтерінде жазылымды ресімдеу кезінде жазылымды ресімдегенге дейін немесе оны ресімдегеннен кейін байланған) байланған карта болып есептеледі. Қызмет көрсетуші Қызмет көрсетуші қызметтеріне жазылу құнын құрайтын соманы байланған карталардың кез келгенінен есептен шығаруға құқылы. Байланған картаның деректерін көрсеткен және байланған картаны одан әрі пайдаланған кезде Қолданушы оның атына берілген жарамды банк картасы туралы шынайы және толық ақпаратты көрсетуін растайды және кепілдік береді; оның халықаралық төлем жүйелерінің ережелерін және байланған картаны шығарған эмитент банктің, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу тәртібіне қатысты талаптарын сақтауы тиіс.
8.4. Шартта ештеңе Қолданушы мен Қызмет көрсетуші арасында агенттік қатынастар, серіктестік қатынастар, бірлескен қызмет қатынастары, жеке жалдау қатынастары немесе Шартта тікелей көзделмеген басқа да қатынастар ретінде түсінілмейді.
8.5. Егер осы Шарттың бір немесе бірнеше ережелері қандай да бір себептер бойынша жарамсыз немесе заңдық күші жоқ деп танылса, бұл Шарттың қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
8.6. Қолданушы немесе басқа Қолданушылар Шарттардің ережелерін бұзған жағдайда Қызмет көрсетушінің әрекетсіздігі Қызмет көрсетушінің өз мүдделерін қорғау үшін тиісті әрекеттерді кешірек қолдану құқығынан айырмайды, сондай-ақ болашақта осындай немесе ұқсас бұзушылықтар жасалған жағдайда Қызмет көрсетушінің өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді.
8.7. Осы Шарт қазақ тілінде жасалды және кейбір жағдайларда Қолданушыға танысу үшін басқа тілде берілуі мүмкін. Шарттың қазақ тіліндегі нұсқасы мен Шартнің өзге тілдегі нұсқасы сәйкес келмеген жағдайда, осы Шартнің қазақ тіліндегі нұсқасының ережелері қолданылады.